АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ СОРТТАРЫН ШАРУАШЫЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫЛЫҒЫНА МЕМЛЕКЕТТІК СЫНАУ

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау мемлекеттік қызмет болып табылады, оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.

Мемлекеттік комиссия өтінімдерді бір жыл ішінде қабылдайды. Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына енгізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға өтінімді кешіктірмей береді:

Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына енгізу үшін өтінімді көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік комиссияға 25 желтоқсаннан кешіктірмей, күздік егіс дақылдары бойынша 31 қаңтардан кешіктірмей береді.

Мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын селекциялық жетістікті сынауға өтінімнің болуы Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді бастау үшін негіз болып табылады:

1) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа пайдалылығын сынауға екі данада нысан бойынша өтініш;

2) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті мәдениетке арналған нысан бойынша), екі данада;

3) тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістіктің екі данада сипатталуы;

4) сорттың атауы көрсетілген ауқымды сызғышпен шаруашылықта пайдалану фазасындағы гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және қалыпты дамыған өсімдіктердің фотосуреттері;

5) өтінім беру құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар мен делдалдар үшін);

6) сынауға берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілерді күтіп-ұстауға сараптама нәтижелері (шетелдік селекцияның сорттары үшін);

Веб-порталға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығын сынауға көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;

2) селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі (тиісті дақылға арналған нысан бойынша);

3) тиісті тектер мен түрлер үшін селекциялық жетістік сипаттамасының электрондық көшірмесі;

4) электрондық форматта гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы (егер аты айқындалмаса, онда селекциялық нөмірі көрсетіледі) көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

5) өтінім беру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (құқықтық мирасқорлар мен делдалдар үшін);

6) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін).

Селекциялық жетістікті шаруашылыққа сынауға арналған өтінім пайдалылығы ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияға беріледі.

2021 жылдың 19 қазанынан бастап «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Е-лицензиялау» порталы арқылы электронды түрде көрсету үрдісі іске қосылды.   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 129 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес көрсетілетін қызметті алушы  селекциялық жетістікті шаруашылық пайдалылығына сынауға арналған өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) электрондық түрде бере алады. Алайда, төмендегі құжаттарды бекіткенде көрсетілетін қызметті алушыларда  белгілі бір қиындықтар туындап жатыр:

  • өтінім беру құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі шетелдік  селекциядағы сұрыптардың өтініш берушілері, құқықтық мирасқоры бар отандық селекциядағы сұрыптардың оригинаторлары мен өтініш берушілері және олардың делдалдары үшін міндетті құжат болып табылады. Сенімхат болмаған жағдайда, бірінші қол қою құқығын растайтын құжатты бекіту қажет.
  • сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің  (бұдан әрі – ГТО) жоқ екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі, бұл құжат  шетелдік  селекциядағы сұрыптардың өтініш берушілері үшін мінжетті болып табылады. Отандық селекциядағы сұрыптардың оригинаторлары мен өтініш берушілері бірінші басшының қолы қойылған ГТО жоқтығы туралы хатты бекітуі тиіс.

Ұсынылған құжаттардың барлық тармақтары, соның ішінде, толтырылған күні де толтырылуы тиіс.  

 

Алдын ала тексеруге өтінім құжаттарын жіберу қажет электрондық пошта мекенжайы: office@sortcom.kz, түпнұсқалар мекен-жайы: инд: 010000, Нұр-сұлтан Қ., Абай даңғылы 13, «іскер» БО, 11 қабат, 1111 кабинет, тел: 8(7172) 73-10-39, сорттық сынау бөлімі.

ӨТІНІМ НЫСАНДАРЫ

Бахчевые

Овощные

Баклажан

Брюква

Капуста

Брокколи

Картофель

Лук

Морковь

Огурец

Перец

Редис

Салат

Свекла столовая

Томат

Руколла

Абрикос

Алыча

Виноград

Вишня

Грецкий орех

Груша

Ежевика

Жимолость

Крыжовник

Малина

Малина

Миндаль

Облепиха

Персик

Слива

Смородина

Фундук

Черешня

Яблоня

СОРТТЫ СЫНАУ ӘДІСТЕРІ