ҚЫЗМЕТІ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесі»
мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Селекциялық жетістіктердің шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақтар жүргізу.
  • Селекциялық жетістіктердің ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтар мен сараптама жүргізу;
  • Пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне жаңа селекциялық жетістіктерді енгізу үшін сынақ нәтижелері бойынша ақпаратты талдау және деректерді қорыту;
  • Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын аграрлық бейіндегі мамандарды, сондай – ақ селекциялық жетістіктерді пайдалануға рұқсат беру өтінімдері,  мемлекеттік сорт сынаудың өзге де құжаттары мен материалдары бойынша ғылыми қызметкерлер мен оқу орындарының оқушыларын хабардар ету мақсатында «ресми бюллетень-Ресми бюллетень» шығару.
  • облыстық және өңірлік (облыстық құқығында) инспекторлардың, мемлекеттік сорт сынау станцияларының және мемлекеттік сорт сынау учаскелерінің тәжірибелік-өндірістік және ұйымдастыру-шаруашылық қызметін, мемлекеттік сорт сынау әдістемелерінің сақталуын, егіншіліктің аймақтық жүйелерін қолдануды бақылау.
  • Уәкілетті органға патент қабілеттілігі мен шаруашылық пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесі бойынша ұсыныстар енгізеді.
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді.
  • Уәкілетті органға сортты сынақтан алу туралы немесе шаруашылық-бағалы белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныс енгізеді.
  • Республикалық және облыстық зертханаларда сыналатын сұрыптардың өнім сапасын бағалауды қамтамасыз етеді.
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген сорттар мен будандарға оригинатор-мекемелерге авторлық куәліктер мен куәліктер береді;
  • Патент беруге қорытындымен сорттың сипаттамасын және сорттың патентке қабілеттілігі туралы қорытындыны (өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы) жасайды.
  • Селекциялық жетістіктерді мемлекеттік сынақтан өткізу әдістемелерін әзірлеуге қатысады.
  • Сорт сынау қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысының жұмысын және Қазақстан
  • Республикасында пайдалануға ұсынылған Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар қабылдауды ұйымдастырады.
  • Бидайдың күшті және бағалы сорттарының, сапасы бойынша бағалы дәнді, жармалық және дәнді-бұршақты дақылдар сорттарының, арпаның сыра қайнату сорттарының, күнбағыстың жоғары майлы сорттарының, рапс пен сурепицаның эруксіз және төменглюкозинолатты сорттарының тізімдерін дайындайды және уәкілетті органға бекітуге енгізеді.
  • Сорт паспортын деректер банкінде тіркеуді жүзеге асырады.
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірегей және элиталық тұқымдарына топырақтық бағалау жүргізеді.
  • Топырақты бағалау нәтижелері бойынша тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа және олардың сорттық тазалығына сәйкестігі және (немесе) сәйкес еместігі туралы жазбаша қорытынды береді.
  • Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының элиталық тұқымдары мен бірінші репродукциялы тұқымына зертханалық сорттық сынақтар жүргізеді.