НОВОСТИ
- Новые фермы и технологии: как развивается животноводство в Карагандинской области Шілде 15, 2025В Карагандинской области растёт производство мяса, молока и яиц — за счёт новых ферм, инвестиций и инициатив самих аграриев. В этом году стартовала работа по семи новым проектам в животноводстве, а до 2027 года планируется реализовать всего 19. Эти проекты … Читать далее Источник
- Сколько будет стоить мясо сайгаков в Казахстане – Минсельхоз дал рекомендации Шілде 15, 2025В какую стоимость обойдётся мясо сайгаков казахстанцам, сообщили Informburo.kz в пресс-службе Министерства сельского хозяйства. 8 июля в кулуарах правительства глава ведомства Айдарбек Сапаров заявил, что министерство готовит окончательную сумму. “На сегодня зарегистрировано 18 мясокомбинатов. Посчитаем, по какой цене и как … Читать далее Источник
- СҚО-да 71 жастағы зейнеткер сарымсақ өсіріп, одан он түрлі өнім алып отыр Шілде 15, 2025Солтүстік Қазақстан облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында 32 тауар өндіруші қатысқан жәрмеңке-көрме өтті, деп хабарлайды Kazinform. СҚО кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстың барлық аудандарынан және Петропавлдан жеке кәсіпкерлер қатысты. Биыл ол үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып, қала … Читать далее Источник
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы
Құрметті әріптестер мен мүдделі тараптар!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Талқылау 2025 жылғы 10 маусымда басталады және бұл іс-шара ашықтықты қамтамасыз ету, жұртшылықты тарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тиімділігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Талдау нәтижелерімен және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімімен мекеменің ресми gcomsort.kz сайтында және ақпараттық бөлімінде танысуға болады.
Ұсыныстар, ескертулер мен ұсынымдар 2025 жылғы 10-16 маусым аралығында жазбаша немесе электрондық түрде қабылданады.
Электрондық пошта: office@sortcom.kz
Ашық диалогқа қатысуға шақырамыз және белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз!
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталуы туралы
Құрметті әріптестер!
2025 жылғы 2 мамырдан бастап ұйымымызда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Бұл жұмыс 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады және қызметіміздегі ықтимал сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, бағалау және азайтуға бағытталған.
Барлық құрылымдық бөлімшелер мен жауапты қызметкерлерден талдауға жәрдем көрсетуді, қажетті ақпаратты уақтылы ұсынуды және сауалнамаларға, сұхбаттарға және бағалаудың басқа да түрлеріне белсенді қатысуды сұраймыз.
Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді азайтуға бағытталған тиісті шаралар әзірленеді.
Ынтымақтастығыңыз бен белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғыс айтамыз!
РММ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» МСХ РК ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті. Наурыз мейрамы аясында ұлттық дәстүрлер насихатталып, Наурыз көже қойылған мерекелік дастархан жайылды. Қызметкерлер ұлттық ойындар ойнап, ән салып, би биледі. Мереке қарсаңында Наурызға арналған жылы тілектер айтылды. Праздничное шара ұжымды біріктіріп, жақсы көңіл-күй сыйлады, сондай-ақ көктемгі мерекенің шынайы рухын сезінуге мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы туралы ақпарат
2024 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізу және кейбір сорттарды одан әрі сынаудан алып тастау мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, Комиссияның қарауына Мемлекеттік тізілімге 127-ден астам жаңа сортты енгізу және 290-нан астам селекциялық жетістікті сынаудан алып тастау туралы ұсыныстар шығарылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» бұйрығы әзірленіп, бекітілетін болады.
2024 жылғы 21–25 қазан аралығында Швейцарияның Женева қаласында Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (UPOV) жыл сайынғы сессиялары өтті. Іс-шараларға «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері — Төраға Т.Б. Ажғалиев пен патентке қабілеттілікті сараптау бөлімінің басшысы А.Ж. Габдола қатысты.
Сессиялар аясында UPOV ұйымының басшылығымен екіжақты кездесу өтті, онда Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы заңнамасын UPOV Конвенциясына сәйкестендіру мәселелері талқыланды. UPOV офисі бұл үдерісте жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Сондай-ақ Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы өкілдерімен кездесу өтіп, онда сорттарды сынау саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды.
2024 жылғы 23 қазанда ауыл шаруашылығы саласын орнықты дамыту және агроөнеркәсіптік кешенге заманауи технологияларды енгізуге бағытталған ауыл шаруашылығы көрмесі аясында Eurasia Crop Care компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамыту перспективалары, тұқым қорын жаңарту және роялти алу мәселелері бойынша панельдік сессия өтті.Сессияға Республикалық тұқым өндірушілер палатасының төрағасы Әбітаев Фарид Құмашұлы, ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ-нің шаруашылық жағынан құндылығын сынау бөлімінің басшысы Есқақов Дәулет Ғалихайнарұлы, Ғылым жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Чудинов, «Баймырза-Агро 2018» ЖШС директоры Букаемский Максим Русланұлы, Osterras басқарма төрайымы Саменова Гүлмира және басқа да ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Панельдік сессия барысында Мемлекеттік комиссия өкілі мекеменің қызметі және сортоиспытание жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы баяндама жасады. Сессия соңында қатысушылар өз сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар алды.
Егіс күні туралы ақпарат
Есіл мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (Солтүстік Қазақстан облысы) базасында 5 тамызда мемлекеттік сынақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таныстыру бойынша кезекті іс-шара өтті. Іс-шара «Тұқым 2025» контрактация конференциясы аясында «DAN АгроМаркетинг Групп» ЖШС мен «Агроиндустрия KZ» ЖШС консорциумы және ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік комиссия мамандары, сұраныс берушілер және Қазақстан Республикасының солтүстік өңірінің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Презентация сорттардың біркелкілігіне, айқын айырмашылығына және тұрақтылығына арналған тәжірибелік делянкалардан басталды. Бұл сынақ туралы Есіл МСО-ның ДЮСТ тесті бойынша агрономы Пардаев Дмитрий Алишерович айтып берді. Ол мұндай сынақтың маңыздылығын атап өтті, себебі сортты аймақтандыру кезінде селекциялық жетістіктер біркелкілік, айқын айырмашылық және тұрақтылық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұдан кейін сортоучаске жетекшісі Позолотин Денис Николаевич Мемлекеттік реестрге енгізілген және сынақтағы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын таныстыруды жалғастырды.
Атап өту қажет, ағымдағы жылы Есіл МСО-да 13 дақыл бойынша отандық, сондай-ақ Ресей, Украина, Германия, Франция, Австрия, Швейцария және басқа елдердің 400-ден астам селекциялық жетістіктері сынақтан өтуде. Сонымен қатар мынадай жұмсақ жаздық бидай сорттары егілген: ерте пісетін — Астана, Шортандинская 2012 (А. Бараев атындағы НПЦЗХ селекциясы), Омская 36 (СибНИИСХ селекциясы), орта ерте — Зауральская волна, Степь, Ишимская 9 (Ресей селекциясы), Континенталь (Швейцария селекциясы); орташа мерзімді — Айна, Фантазия, Краюшка, Любава 25, Семёновна, Карабалыкская 20, Шортандинская 2014, Карагандинская 31, Карагандинская 60, Северянка, Ламис, Айгуль (Қазақстан селекциясы), Омская 38, Мелодия, Алтайская жница, Алабуга, Старт, Уралосибирская 2 (Ресей селекциясы), Квинтус (Голландия селекциясы); орта кеш мерзімді — Шортандинская 95 (жақсартылған), Кондитерская яровая, Анель 16 (Қазақстан селекциясы), Омская 35, Силач (Ресей селекциясы), қатты бидай сорттары СИ НИЛО, Одиссео (Швейцария селекциясы) және басқа да астық дақылдары, олар қазіргі таңда Мемлекеттік реестрге енгізілген және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы өндірісінде ерекше орын алады.
Астық дақылдарынан бөлек, учаскеде мынадай аймақтандырылған бұршақ дақылдары көрсетілді: Аксайский усатый 55 (Ресей), Альбум (Франция), Статус (Қазақстан), Астронавт (Франция); күнбағыс будандары: ЛГ 5542, РЖТ Воллуто, ЕС Петуния (Франция), Нарым (Қазақстан), Субелла, Параизо 102 КЛ (Аргентина), Авангард (Ресей); соя сорттары: СК Дока, Припять (Ресей); рапс сорттары мен будандары: Миракель, Люмен (Германия), ИНВ 115, Билдер (АҚШ); зығыр сорттары: Либра (Франция), Қостанай 11 (Қазақстан), Бинго (Германия) және Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыруда маңызды рөл атқаратын басқа да селекциялық жетістіктер.
2024 жылғы 1 тамызда Ақмола облысының Көкшетау мемлекеттік сорт сынау учаскесі базасында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын таныстыру
2024 жылғы 1 тамызда Ақмола облысының Көкшетау мемлекеттік сорт сынау учаскесі базасында мемлекеттік сынақтағы отандық, шетелдік және бірлескен селекциядағы ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарының таныстырылымы өтті. Аталған іс-шара «DAN АгроМаркетинг Групп» ЖШС мен «Агроиндустрия KZ» ЖШС компаниялары консорциумы және ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ бірлесіп ұйымдастырды. Таныстырылым алаңында ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарының оригинаторлары мен өтінім берушілері, Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, Мемлекеттік комиссия мен Ақмола облыстық филиалының өкілдері, сорт сынау желісінің ардагерлері қатысты. Көкшетау МСО басшысы Рамазанов Айтбай Жакиянович бұл учаскеде сынақтан өтіп жатқан сорттарды таныстырып, жалпы сорт сынау жүйесі туралы айтып берді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Атап өту керек, бұл сортоучаскеде отандық, ресейлік, украиналық, германдық, француздық, австриялық, швейцариялық және басқа елдердің селекциясы бойынша 21 дақылдан 300-ден астам сорт сынақтан өтуде. Сынақтағы сорттармен қатар делянкаларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік реестріне енгізілген және ресми түрде танылған селекциялық жетістіктердің де сорттары бар. Мысалы, австриялық селекциядағы жұмсақ бидайдың ультраерте пісетін Гранни сорты Ақмола облысы бойынша 2023 жылдан бастап пайдалануға рұқсат етілген және өңір аграрийлері арасында жоғары сұранысқа ие болуда. Сондай-ақ учаскеде ерте және орта ерте пісетін топтағы сорттар: Шортандинская 2012 (А.Бараев атындағы НПЦЗХ селекциясы), Континенталь (герман селекциясы), Ласкада (француз селекциясы), Степь (ресей селекциясы), сондай-ақ астық өндірісін әртараптандыру үшін маңызды орташа және орта кеш пісетін бірқатар сорттар ұсынылды. Бұдан бөлек, отандық селекциядағы жасымық пен қарақұмық сорттары сынақтан өтуде. Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша А.И. Бараев атындағы НПЦЗХ селекциясындағы Шырайлы Крапинка жасымық сорты, Шортандинская 2, Шортандинская 4, Шортандинская крупнозерная қарақұмық сорттары аймақтандырылған. Осындай іс-шара 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Есіл МСО базасында өтеді.
«Элит Трейд KZ» ЖШС дала күні туралы ақпарат»
2024 жылғы 26 шілдеде Қостанай облысы, Половниковка ауылында «Пономарев Р.И.» ШҚ базасында «Элит Трейд KZ» ЖШС ұйымдастырған Дала күні өтті. Іс-шараға ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) төрағасы Ажғалиев Т.Б., орталық аппарат пен Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері, Ресейдің жетекші аграрлық ғылыми орталықтарының авторлары мен селекционерлері қатысты. Іс-шара барысында отандық және ресейлік селекциядағы дәнді дақылдар сорттарының демонстрациялық егісі таныстырылды. Ғалымдар өздерінің селекциялық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы айтты. Мысалы, «Агролига» ЖШҚ бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Долаберидзе Светлана Демьяновна Қазақстанда мемлекеттік сынақтан өтіп жатқан қатты бидайдың Бурбон және Таганрог сорттарын таныстырып, бұл сорттардың Италияда бағаланып, Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл сорттар фузариозға төзімді, тұрақты жоғары өнім береді және үнемі жоғары ақуыз деңгейіне ие, бұл оларды фермерлер, қайта өңдеушілер мен макарон өнімдерін өндірушілер арасында сұранысқа ие етеді. Қазан ғылыми орталығының өкілдері биыл Қостанай облысында сынақтан өтіп жатқан Надира және ТАСР-дың 100 жылдығы сорттарының жоғары әлеуетін атап өтті.
Оңтүстік-Шығыс аймақтық федералды аграрлық ғылыми орталығының ғылыми қызметкерлері аграрийлерге жұмсақ жаздық бидайдың Саратовская 73 және Саратовская 76 сорттарын ұсынып, Қазақстанда бірінші жыл сынақтан өтіп жатқан бұл сорттардың ерекшеліктері туралы айтты.
Экологиялық сынақтан өткен көптеген сорттар Қазақстанда мемлекеттік сорт сынауына берілетін болады.
Дала күні туралы ақпарат
2024 жылғы 26 шілдеде «Агро Индустрия KZ» компаниясы Қазақстанда селекция және тұқым шаруашылығына арналған дәстүрлі әрі бірегей «Тұқым-2025» конференция-контрактациясы қарсаңында ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-мен бірлесіп Қостанай кешенді МСО алқаптарында Дала күнін өткізді. Дала күніне ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) мен «Агро Индустрия KZ» компаниясының өкілдері, Ресей мен Қазақстанның жетекші аграрлық ғылыми орталықтарының авторлары мен селекционерлері, мемлекеттік сынақтағы сорттардың өтінім берушілері қатысты. Мемлекеттік комиссия төрағасы Талғат Булатович Ажғалиев Мемлекеттік комиссияның өндіріске ұсыну үшін жаңа сорттар мен будандарды анықтау жөніндегі жұмысы туралы айтып берді.
«Қостанай кешенді МСО-да дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жармалық дақылдар мен жүгері бойынша 270 сорт сынақтан өтуде. Барлық осы сорттар бойынша байқаулар жүргізіліп, нәтижелері Мемлекеттік комиссияға ұсынылады. Сорт сынауының нәтижелері бойынша жыл сайын сорт сынау мәселелері жөніндегі Республикалық комиссия отырыстары өткізіліп, онда сорттарға ресми мойындау беріледі», – деді Қостанай кешенді МСО басшысы Айдар Нұрпейісов. Сондай-ақ авторлар мен оригинаторлар сынауға берілген өз сорттарының негізгі ерекшеліктерін атап өтті. Ресей ғалымдары Қазақстанға өз сорттарын сынаққа көбірек беруге қызығушылық танытты. Қазан ғылыми-зерттеу институтының оригинаторлары биыл астық және дәнді-бұршақты дақылдардың селекциялық жетістіктерін сынаққа тапсырады.
Осындай іс-шаралар 2024 жылғы 1 тамызда Ақмола облысындағы Көкшетау кешенді МСО және 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл МСО базасында өтеді.
Беларусь Республикасына жұмыс сапары
2024 жылғы 17–21 маусым аралығында ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ төрағасы бастаған қазақстандық делегация Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар өсімдіктердің сорттарын мемлекеттік сынау және патенттік қорғау саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы мен Беларусь пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның он сегізінші отырысының хаттамасы аясында өтті.
Сапар барысында делегация селекциялық жетістіктерді қорғау және сорт сынау саласындағы білімді тереңдету мен тәжірибе алмасуға бағытталған оқу семинарына қатысты. Делегация бірнеше сорт сынау станцияларында болып, беларусь әріптестерінің жұмысымен танысты.
Негізгі назар сорт сынаудың практикалық аспектілерімен қатар, жаңа өсімдік сорттарын қорғауға байланысты құқықтық және патенттік мәселелерді талқылауға аударылды. Делегация тәжірибе алмасып, кәсіби байланыстар орнатумен қатар, осы саладағы болашақ ынтымақтастық пен бірлескен жобалар перспективаларын да талқылады.
ДАЛА КҮНІ – 2024 жыл
2024 жылғы 13 маусымда Түркістан облысы филиалының Сайрам мемлекеттік сорт сынау учаскесі базасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ ұйымдастыруымен Дала күні өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері, Түркістан облысы және Сайрам ауданы әкімдігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибе станцияларының мамандары, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарының оригинаторлары мен өтінім берушілері, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, селекционер ғалымдар және басқа да мамандар қатысты. Дала күнінде сынақтан өтіп жатқан және өндіріске енгізілген отандық және шетелдік селекциядағы дақыл сорттары, сондай-ақ сорт сынау жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи техника мен жабдықтар көрсетілді. Ауыл шаруашылығының негізгі әрі өзекті мәселелерінің бірі – генетикалық түрлендірілген организмдер (ГМО) де іс-шара барысында қозғалды. Биология және биотехнология институтының өкілі ГМО анықтау үдерісі мен халықаралық тәжірибе туралы баяндады. Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша толыққанды жауаптар алды. Сорт сынау жүйесінің қызметкерлері кәсіподақтың «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен және Мемлекеттік комиссияның құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы туралы ақпарат
2023 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізу және одан әрі сынақтан алып тастау мәселесі бойынша кезекті отырысы өтті.
Айта кету керек, Комиссияның қарауына Мемлекеттік тізілімге 70-тен астам жаңа сортты енгізу және 220-дан астам селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан алып тастау мәселесі шығарылды.
Сонымен қатар, бастапқы тұқым шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өндірістік егістерінде сұраныстың болмауына байланысты Мемлекеттік тізілімнен 412 селекциялық жетістікті алып тастау мәселесі қозғалды.
Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы» бұйрығы әзірленіп, бекітілетін болады.
Германияға ақпараттық тур
2023 жылғы 31 шілде – 5 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия, ғылыми-зерттеу ұйымдары және Герман-қазақ аграрлық-саяси диалогы, Қазақстанның астық консорциумы өкілдері Германияның ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындары мен ұйымдарына барып қайтты. Сапардың мақсаты – бұл елдегі тұқым шаруашылығы мен сорт сынау үдерісімен танысу болды. Аграрлық-саяси диалог жобасы аясында Германияға тұқым шаруашылығы бойынша ұйымдастырылған ақпараттық тур бағдарламасына сәйкес Қазақстан делегациясы Mehi KG SAATEN тұқым шаруашылығы кәсіпорнының, Шёндорф-Ваймер тұқым шаруашылығы орталығының, Халықаралық өсімдік шаруашылығы орталығының, Саксония-Анхальт федералдық жерінің ауыл шаруашылығы және бақ шаруашылығы мекемесінің, Жаңа өсімдік сорттарын қорғау жөніндегі федералдық ведомствоның, Лейбниц атындағы Өсімдік генетикасы және мәдени дақылдарды зерттеу институтының, Breun Seed GmbH & Co. KG селекциялық компаниясының, Юлиус Кюн атындағы Мәдени дақылдар федералдық институтының, KWS SAAT SE & Co. KGaA, Saaten-Union селекциялық компанияларының, Großgottern қаласындағы Saatgutwerk тұқымды тазалау кәсіпорны мен Петкус кәсіпорнының жұмысымен танысты. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия Герман-қазақ аграрлық-саяси диалогына және Шығыс Еуропа бойынша Өсімдік шаруашылығы халықаралық орталығының аймақтық директоры Ольга Хунгерге іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді және жұмыстарына өркендеу мен табыс тілейді.**DUS-тестілеу бойынша оқыту семинары – Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы мемлекеттік сынақ және өсімдіктер сұрыптарына патенттік қорғау саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру аясында** Республикалық мемлекеттік мекеме «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» мен Беларусь Республикасының «Өсімдіктердің сорттарын сынау және қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» арасында мемлекеттік сынақ және өсімдіктер сұрыптарына патенттік қорғау саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру шеңберінде DUS-тестілеу бойынша оқыту семинары өткізілді.
«Field & Expert Days WINTERSTEIGER 2023»
Wintersteiger компаниясының шақыруы бойынша ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ қызметкерлері 27–28 маусым аралығында Австрияның Рид-им-Иннкрайс қаласында өткен «Field & Expert Days WINTERSTEIGER 2023» дала күніне қатысты. Ауқымды іс-шара Wintersteiger компаниясының 70 жылдығына арналды.
Селекция мен тұқым шаруашылығына арналған техниканың өндірушісі Wintersteiger тұқым шаруашылығында далалық сынақтар мен тәжірибелік-селекциялық жұмыстардың барлық процесіне арналған заманауи техникалық шешімдерді таныстырды. Іс-шарада қызықты таныстырылымдар мен өнім көрмелері, дала жағдайындағы техниканың көрсетілімі, зауыт бойынша экскурсия өтті.
Компания өнімдерінің ассортиментіне селекциялық және тұқым шаруашылығына арналған астық жинау комбайндары, мал азығын жинау комбайндары, селекциялық тұқым сепкіштер, селекциялық процесті автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, өсімдіктердің фенотиптік сипаттамасын зерттеуге арналған жабдықтар, тыңайтқыш енгізу мен өсімдіктерді бүркуге арналған агрегаттар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар кіреді.
Жақсы ұйымдастырылған іс-шара үшін Wintersteiger компаниясына алғыс білдіреміз және табыс пен өркендеу тілейміз!
ДАЛА КҮНІ – 2023
2023 жылғы 22 маусымда Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Кербұлақ ауылында ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-нің Оңтүстік-Шығыс өңірлік филиалына қарасты Сарқан мемлекеттік дәнді және малазықтық дақылдарды сынау учаскесі (бұдан әрі – Сарқан ГСУ) базасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) қолдауымен Дала күні өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын іріктеу жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген және еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында сынақтан өтіп жатқан жаңа дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, қатарлы дақылдардың сорттары мен будандарын таныстыру, сондай-ақ селекциялық және сорт сынау жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, зертханалық және ауыл шаруашылығы жабдықтарын көрсету болды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Жетісу облысы және Сарқан ауданы әкімдіктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибе станциялары, отандық және шетелдік селекцияның сорттары мен будандарының оригинаторлары мен өтінім берушілері қатысты. Іс-шара аясында қатысушылар тақырыптық баяндамалар жасап, ауыл шаруашылығы мен ҚР сорт сынау жүйесіндегі өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын қарастырды.
Семинар қонақтары ауыл шаруашылығы саласының дамуына қатысты пікір алмасуға да мүмкіндік алды.
Агрофорум "ProАгроТехнология 23"


-
-
-
-
-
- ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар
-
-
-
-
Қазақстан Республикасындағы сорт сынау жүйесінің 85 жылдығына арналған «Сорт сынау – ғылым мен өндіріс арасындағы ажырамас байланыс» тақырыбындағы дала күні туралы ақпарат
2022 жылғы 11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ филиалы Есіл астық-жем сорт сынау учаскесінің базасында Қазақстан Республикасындағы сорт сынау жүйесінің 85 жылдығына арналған «Сорт сынау – ғылым мен өндіріс арасындағы ажырамас байланыс» тақырыбында Дала күні өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Әділет және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, селекционер-ғалымдар, ғылыми-өндірістік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, фирмалар мен басқа да мүдделі тараптар шақырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға мемлекеттік сорт сынау процесінде тұрған отандық және шетелдік селекцияның дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдарының сынақтағы сорттары мен будандары, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы селекциялық техникасы, селекция мен сорт сынауға арналған тіркемелі және зертханалық жабдықтар көрсетілді. Сорт сынау жүйесінің үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық марапаттарымен, ауыл шаруашылығы салалық кәсіподағының марапаттарымен, мерейтойлық төсбелгімен және «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ Құрмет грамотасымен марапатталды.
«UPOV ЖӘНЕ NAKTUINBOUW ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ»
11 қазан 2022 жылы Астана қаласында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы инвестициялық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан мен Нидерландтың мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараға екі елдің елшілері, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай, Нидерланд Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы өкілі Фредерик Воссенар, Naktuinbouw бас хатшысының орынбасары Марко Хофман, сондай-ақ UPOV ұйымының бас хатшысының орынбасары Питер Баттон және бизнес пен басқа салалардың өкілдері қатысты. Өз сөзінде мырза Баттон UPOV-қа мүше болудың артықшылықтары туралы басқа елдердің мысалында айтып, еліміздің «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын UPOV Конвенциясына сәйкестендіру бойынша жеткен ілгерілеуін атап өтті.
«UPOV ЖӘНЕ NAKTUINBOUW ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ» семинары аясында Мемлекеттік комиссия төрағасы Талғат Ажғалиев «Қазақстан Республикасында сорттарды тіркеу» тақырыбында презентация жасап, нидерландтық компанияларды еліміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын тіркеу тәртібімен таныстырды. Айта кету керек, Нидерланд көкөніс және бақша дақылдары бойынша жетекші елдердің бірі болып табылады.
Дөңгелек үстел аясында Нидерланд Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» РММ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.



Қазақстан UPOV сессияларында
2022 жылғы 24–28 қазан аралығында Женева қаласында Өсімдіктер сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (UPOV) 58-ші жыл сайынғы сессиясы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр Ғалымұлы, Егіншілік департаментінің директоры Сұлтанов Азат Сиражиддинұлы, Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Ажғалиев Талғат Болатұлы және патентке қабілеттілікті сараптау бөлімінің басшысы Габдолла Адеми Жанатқызы қатысты. Қазақстан 2023 жылы UPOV Конвенциясына қосылуды жоспарлап отыр, сонымен қатар, 2017 жылы еліміз UPOV ұйымында «бақылаушы» мәртебесін алғанын атап өткен жөн.



Ауыл шаруашылығы дақылдарын сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссия отырысы туралы ақпарат
2022 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласында ауыл шаруашылығы дақылдарын сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2023 жылдан бастап өндіріске пайдалануға ұсынылған майлы дақылдар бойынша сорттар: күнбағыс – 14 сорт пен гибрид (оның ішінде 4 – кеңейтуге), соя – 16 (3 – кеңейтуге), рапс – 7, зығыр – 1, сафлор – 1. Дәнді дақылдар бойынша: жұмсақ күздік бидай – 2, жұмсақ жаздық бидай – 7 (1 – кеңейтуге), қатты жаздық бидай – 1 (1 – кеңейтуге), жаздық арпа – 3, жүгері – 19 (3 – кеңейтуге), бұршақ – 3 (2 – кеңейтуге). Сонымен қатар, алғаш рет ұсынылған картоп сорттары мен гибридтері – 7 (1 – кеңейтуге), көкөніс дақылдары – 29 (7 – кеңейтуге), жеміс дақылдары – 4 (1 – кеңейтуге), қарағай – 1, қант қызылшасы – 5 (1 – кеңейтуге), мақта – 1 және көпжылдық шөптер – 3 (3 – кеңейтуге).




